«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» елордалықтарды көшпелілер өмірі көзімен көруге шақырады (ФОТО)
Аталған шара Астанада 9 жыл қатарынан өткізіліп келеді, оған 300 жуық әртіс қатысуда. Мұнда өткен заманда киген киімдерді, декорацияларды, қолөнер шеберлерін және шабандоздарды көруге болады.
Шара барысында келушілер назарына дәстүрлі музыка концерті мен ақындар айтысы, «Ат жалында» атты спорттық шоу, «Алтын сақа» жарысы, «Фольклордағы өмір» этношоуы, көшпелілер циркі ұсынылуда, сондай-ақ, керуен сарай мен халықтық қолданбалы өнер жәрмеңкесін, музыкалық аспаптар көрмесін де тамашалай алады.
«Біздің әрқайсымыз елорда күнін жан-жүрегімізден асыға күтеміз. Өйткені, жерлестерімізге біздің мәдениетіміздің, өткеніміздің қаншалық сұлу әрі бай екендігін, жан-жақтылығы мен бірегейлігін көрсетуге асығамыз. «Арлан» театры қазақ халқының, оның мәдениет мен мұрасының жанды ескерткіші. Әрбір мемлекетте ұлттық идеология болуы тиіс. Біздің мақсатымыз - қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін таныту және хасихаттау», - деді «Арлан» театрының жетекшісі Мүслім Жұмағалиев.
«Хассақ» және «Сарыарқа» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің концерттерінен кейін сағат 17-00-де ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған эпос кеші өтеді. Ауқымды іс-шараның түйінді шырқау шегі «Астана-Арқау» түркі музыкасының дәстүрлі фестивалі болмақ.
Фестивальді салтанатты түрде сағат 20-00-де «Той тарқар» шарасы жабады.
Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл келушілер назарына жаңа инсталляциялар және ең бастысы музей ұсынылды. Онда өшпелі қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің артефактілері, ескерткіштері қойылған. Дәстүрлі тұрғынжай интерьері жасалып, ұлттық костюмнің түр-түрі, әшекейлер, тұрмыстық заттар, қару-жарақтар ұсынылған. Еліміздің мұражайларының қорларынан жиналған экспонаттар келушілерді Орталық Азиядағы көшпелілер өркениетінің әлемімен таныстырады.