Мырзахметов: Гектарлық субсидиялау алынып тасталады

Қолданыстағы жүйе жеміс-жидек пен жүзімді (9,3 млрд. теңге) гектарлық субсидиялауға бағытталған.
«Біз 6,3 млрд. теңгені бау-бақша мен жүзімге инвестициялық субсидиялауға беруді жоспарлап отырмыз, соның нәтижесінде субсидия алушылар саны 523-ке дейін артады. Қалған 3 млрд. теңге құрама жем, күрішті өңдеу, майлы дақылдар, қант өндіру, сірне және шитті мақта өнімдеріне бөлінеді»,- деді Асқар Мырзахметов.
30,4 млрд. теңге гектарлық субсидиялау бойынша дәнді-дақыл, бұршақ дәнділер, картоп, мақта өнімдеріне таратылады
Осының ішінде, 23,3 млрд. теңге құрама азық өнімдеріне, күрішті өңдеуге, майлы дақылдарға, қант өндіру, шитті мақтаға бөліну жоспарланған. 4 млрд. теңге тұқым шаруашылығын субсидиялауға беріледі.
Қалған 13,1 млрд. теңге мал азығы мен өңдейтін кәсіпорындардың сатып алатын бағасына гектарлық субсидиялау бөлінеді.
Көкөністер бойынша 1 га аумаққа бөлінетін 4,8 млрд. теңге мына тәртіппен бөлінеді: 1,7 млрд. теңге тұқым шаруашылығына, 3,1 млрд. теңгені жылыжай шығындарына бөлу қарстырылған.
«Субсидиялаудың осылай бөлінуі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 5000-ға дейін көбеюіне, тұқым сапасы мен өнім көлемі артуына оң әсерін тигізеді»,- деді А.Мырзахметов.