Мысық машинаның әйнек тазартқышын сындырып кетті (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уфада видеорегистратор Васька есімді көше мысығының үй маңына қойылған автомобильдің әйнек тазартқышын қалай сындырғанын түсірген.
Бұл күлкілі видеоны бірнеше мың пайдаланушы көріп те, бағалап та қойды.
Кадрда Васьканың «тазартқышқа» секіріп шығып тырнауды бастағандығы көрініп тұр. Жіңішке әйнек тазартқыш «мұртты» жануардың салмағын көтере алмай сынып кетті. Ал ешнәрсені аңғармаған мысық болса, жерге құлады.
Бұл оқиғаға куә болғандардың видеосы YouTube арнасында жарияланды, деп жазады informing.ru.