Мысыр 1 мамырдан бастап туристік визалардың бағасын көтереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр 1 мамырдан бастап туристік визалардың бағасын 5 долларға көтереді. Сәрсенбі күні Мысыр туризм министрі Хишам Зазу хабарлағандай, туристерге бұдан былай елге кіргені үшін бұрынғыдай 15 доллар емес, 20 доллар төлеуі тиіс, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Аталған шара күтпеген жағдай емес. Бұдан бір жыл бұрын Мысыр билігі 1 қарашадан бастап елге ену құнын 15 доллардан 25 долларға дейін көтеру жоспарда бар екенін хабарлаған болатын. Ол шетелдегі Мысыр елшіліктерінде және шекарада елге келу бойынша виза беретін өздерінің жүйесін біріздендіру үшін жасалып отыр.

Алайда қарашада визаның бағасы өзгермеді, ал елге келу визаларының құнымен байланысты өзгерістер 2014 жылдың мамыр айына ауыстырылды. Қорытындысында, виза туристерге бастапқыда көзденлгендей 10 долларға емес, 5 долларға ғана қымбаттады. «Қандай жағдайда болмасын, біздің визаларымыз бұрынғысынша әлемдегі ең арзандарының бірі болып қалып отыр», - деп санайды Хишам Зазу.

2014 жылдың алғашқы екі айында Мысырға барған шетелдік туристер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға - 1,3 млн. адамға дейін азайған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум