Мысыр экономикасына күн сайын 300 миллион еуроның шығыны келуде
Француздың Credit Agricole банкі сарапшыларының есептеуінше, елдің күнделікті шығыны 310 миллион еуродан асып отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Қалыптасқан ахуалды және ұзаққа созылған саяси дағдарысты ескере отырып, банк сарапшылары ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Мысырдың жалпы ішкі өнімінің өсуі бойынша болжамды 1,6 пайыздық бағамға - 5,3 пайыздан 3,7 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдап отыр, деп хабарлайды Associated Press.
Бұған елдегі банктердің, қор биржалары мен көптеген зауыттардың өз жұмыстарын тоқтатуы, сондай-ақ бірнеше ондаған мың шетелдік туристердің елден кетуі себеп болуда. Мысыр экономикасының маңызды секторын - туризм саласы құрайтынын ескерсек, бұл заңды құбылыс.
Мысырдағы наразылық шараларынан басқа араб елдерінің биржалары да зардап шегіп отырғанын айта кету керк. Революциялық көңіл-күйдің аймақтың басқа да елдеріне таралу қаупіне байланысты, Парсы шығанағындағы елдердің біразында сауда қорларында жетекші индекстер күн санап төмендеп бара жатыр.
Мысырдағы үкіметке қары наразылық шараларының жалғасқанына бірнеше аптаның жүзі болды.