Мысыр елі өзінің бай тарихын таныстырды

ҚР Ұлттық музе­йінде халықаралық маман­дан­дырылған ЭКСПО-2017 көр­месі аясында «Ежелгі Мысыр ес­керткіш­тері» атты көрме ашыл­ды.
None
None

Көрмеге Тутанхамон топта­масы, заттары жартылай асыл тастармен әшекейленген фа­раонның алтын жалатылған ағаш күймесі, жартылай асыл тастар­мен әшекейленген алтын жала­тылған ағаш тағы, сыртқы сар­кофагы, садақаларымен қыз мү­сіні және жартылай асыл тастар­мен әшекейленген алтын жаға қойылған. Сонымен қатар, Мы­сырдың бай тарихы династия­лыққа дейінгі кезеңнен бастап, орта ғасырға дейінгі аралықтағы әр  түрлі тарихи кезеңдердің бұйым­дары мен жәдігерлері көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова алғы сөзінде қонақтарды игі бастамамен құттықтай келе, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сәлемін жеткізді. «Мысыр тарихы - көне тарих. Көне тарихпен көмкерілген көрменің ашылу салтанаты құтты болсын! Бұл көрме Мысыр тарихын кезең-кезеңімен таныстыратын экспонаттардан құралған. Мұндағы тарихи туындылар арқылы өткен дәуірден мол мағлұмат алуға болады. Көрмедегі экспонаттар ежелгі дәуір адамдарының таным-түсінігін, мәдениетін, сол дәуірдегі қолөнер шеберлері туралы мол мәлімет береді. ҚР Ұлттық музейінде осы айда бірнеше халықаралық көрмелер өткізілді. Мұндай көрмелер халықтың таным көкжиегін кеңейтуге септігін тигізеді деп ойлаймын».

Мысыр Араб Республика­сының Туризм министрлігінің халықаралық қатынастар бойын­ша бірінші вице-министрі Ахмет Шукри: «Бұл көрме - Қазақстан мен Мысыр елінің бірлесе отырып жасаған үлкен шарасы. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нәти­жесінде қос халықтың өзара сыйластығы арта түседі деп сене­мін. Болашақта халықтар достығы үлкен табысқа жеткізетіні сөзсіз. Бүгінгі көрме де осының нәти­жесі», - деп өз пікірін білдірді.

Көрмеде  династиялыққа де­йін­гі кезең Ежелгі Мысырдағы ие­роглиф  жазуының пайда бо­л­уы­­­­ның үлгісі саналатын фараон Нармердің Палеткасымен таныс­тырылады. Одан кейінгі ежелгі патшалық кезең мысыр­лық кеңсе хатшысының мүсіні, бедерлі суреттері бар Хесир тақтайша­лары және Гор (Аспан) құдайын кейіптейтін қаршығаның басы арқылы таныстырылады. Орта патшалық кезеңі оның билігі кезінде Мысыр шекарасы әлдеқайда кеңейген 12 династия­ның ата-бабасы сан­алатын Сену­серт 1 фараонның боялған ағаш мүсіні арқылы көрсетіледі. Грек-рим кезеңі римдік әйел басының мүсіні арқылы, ал копт кезеңі осы кезеңге тән икон жазумен және портреттік сурет өнері арқылы таныстырылады. Әсем жазулар­мен безендірілген шырағдан және гүл өрнектерімен безендірілген фарфор табақ жәдігерлері Ислам кезеңін көрсетеді.

Көрменің ашылу салтанаты барысында Мысыр фольклорын биімен де, музыкасымен де шетелдерде таныстырып жүрген «Реда» тұңғыш халық биі ансамблі өнер көрсетті.

ЭКСПО қалашығындағы Египет павильонына саяхат жасау - құдды ежелгі фараон әлеміне барып келгендей әсер қалдырады. Египет қазіргі күні баламалы энергия көздерін жоғары дейгейде тұтынатын мемлекеттердің бірі болып табылады. Жел энергиясы елде 30 пайызды құрады. 2020 жылға дейін 70 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Әсем жазулармен безендірілген шырағдан және гүл өрнектерімен безендірілген фарфор табақ жәдігерлері  Ислам кезеңін көрсетеді. Көрменің ашылу салтанаты барысында Мысыр фольклорын биімен де, музыкасымен де шетелдерде таныстырып жүрген «Реда» тұңғыш халық биі ансамблі өнер көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар