15:38, 07 Ақпан 2017 | GMT +5
Мысырда алып қолтырауынның мумиясы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар ежелгі Мысыр құдайы Себек бейнеленген төрт метрлік қолтырауынның мумиясын Кена провинциясының солтүстігіндегі қазба жұмыстары барысында тапты. Бұл туралы провинцияның ежелгі істері бойынша басқарма басшысы Айман Ханди айтты.

Осындай сирек кездесетін олжа Ніл өзенінің шығыс жағалауындағы Наг-Хаммади ауданындағы экспедициялық дала жұмыстары кезінде табылды. Хамердум тауының маңындағы аңғарда мыңдаған жылдар бұрын перғауындарға туыс болып келетін адамдар мен тұлғалардың, сонымен қатар Ежелгі Египеттің басты құдайларының құрметіне бірнеше ғибадатхана орналасқан. Наг-Хаммадидегі қазба жұмыстары барысында археологтар бірнеше мумияланған қолтырауындарды тапты. Оның екеуінің ұзындығы 1,2 метрден асады.
Бұлар су мен Ніл өзені тасқынының құдайы болып саналған және фрескаларда қолтырауынның басы секілді бейнеленген. Ежелгі мысырлықтардың сенімі бойынша, Себек қара күшті үркітіп адамдарды қауіп-қатерден қорғаған.