Мысырда тұтқындалған қазақстандық алты азамат елге оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында Мысырда тұтқындалған қазақстандық алты азаматтың елге оралғанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Еліміздің барлық алты азаматы бүгін Мысырдан өз еліне аман-есен оралды. Қазір олар өз үйлеріне туыстары мен жақындарына бара жатыр», - деп жазды Әнуар Жайнақов.

null 

Еске сала кетсек, осыған дейін Мысырда 6 студенттің жоғалып кеткендігі туралы ақпарат жарияланып, кейінірек студенттердің Мысырдың құқық қорғау органында болғандығы анықталған болатын. Осыған байланысты Қазақстан Мысырға ресми наразылық нотасын жіберген.
1 тамызда Мысырдың ұлттық қауіпсіздік қызметі Қазақстан елшілігімен хабарласып, алты азаматтың еліне қайтарылатынын хабарлаған . Қазақстандық алты азаматтың ол жақта не үшін ұсталғаны әлі белгісіз болып отыр.

null 

Соңғы жаңалықтар