Мысырда жүк кемесі Суэц каналының таяз жеріне тұрып қалды

КАИР. ҚазАқпарат - Мысырдың солтүстігінде орналасқан Эль-Кантара қаласында жүк кемесі Суэц каналының таяз жеріне тұрып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Мысырда жүк кемесі Суэц каналының таяз жеріне тұрып қалды

Каналға қызмет көрсететін LethAgencies компаниясы буксирлер MV Glory жүк кемесін орнынан жылжытуға тырысып жатқанын хабарлады.

65 мың тонна жүгері тиеп, Украинадан шыққан жүк кемесі Қытайға бет алған болатын.

Еске салайық, 2021 жылдың жазында Суэц каналында Ever Given мегаконтейнер кемесі қайырға тұрып қалған болатын.

Ол кезде канал бойымен қозғалыс толығымен жабылды.

Жүк кемелері қатынайтын Мысырдағы Суэц каналы Орта және Қызыл теңіздерді жалғап тұр.

Фото: aa.com.tr