Мысырдан келген авиажолаушылардың тең жартысында ПТР-анықтамалары болмаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мысыр елінен келген авиажолаушылардың 50%-дан астамының ПТР-анықтамалары болмаған, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

2020 жылғы 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Нидерланды, Корея, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

1 133 әуе жолаушысының 964-інде ПТР-тестілеу анықтамасы болған, анықтамасыз 169 адам келген. Бәрі де - ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 631 жолаушы, анықтамамен - 602, анықтамасыз - 29;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 397 жолаушы, анықтамамен - 258; анықтамасыз - 139;

- Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы, анықтамамен - 99; анықтамасыз - 1;

- Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 54 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті, 115 жолаушы карантиндік стационарда тест сынамасының нәтижелерін күтуде.

Ал, Мысыр елінен Нұр-сұлтан қаласына келген жолаушылардың 50%-дан астамында COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтамалары болмаған.


Соңғы жаңалықтар