Мысырдың жаңа үкіметі президентке ант берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шариф Исмаил бастаған Мысырдың жаңа үкіметі сенбіде ел президенті Абдель Фаттах ас-Сисидің алдында ант берді, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Министрлер кабинетінің ант беруі бастапқыда бейсенбіге жоспарланған, алайда бірқатар үміткерлердің бірқатары министрлік қызметінен бас таруы салдарынан лауазымдарға байланысты консультация тағы бір тәулікті алды.

Мысыр президенті өткен сенбіде Ибрагим Махляб үкіметінің отставкасын қабылдады және оған жаңа кабинет тағайындағанға дейін өз міндетін орындауды тапсырды. Үкіметті жасақтау бұрынғы мұнай министрі Шериф Исмаилға тапсырылды.

Министрлер кабинетінің отставкасы сыбайлас жемқорлық үшін айыпталған елдің ауыл шаруашылығы министрі Салах Хилялды тұтқындауға байланысты шулы жанжалдан кейін орын алды.

Махляб үкіметі өткен жылдың маусымынан бастап жұмыс істеген. Министрлер кабинетінде орын алатын ауыс-түйіс жайлы сыбыстар бірнеше ай бойы өрбіді, жоғары билік эшелонында өзгерістер жаңа Суэцк арнасын ашуға байланысты салтанаттан кейін орын алады деп күтілді.

Соңғы жаңалықтар