Мюнхендегі жол апатынан зардап шеккендер саны анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Мюнхенде Mini Cooper ереуілге шыққан жұмысшылар тобын қағып кетті. Салдарынан кем дегенде 28 адам зардап шекті, деп хабарлайды ВВС.

Стало известно о количестве пострадавших после инцидента с автомобилем в Мюнхене
Фото: merkur.de

— 20 адам жарақат алды, кейбірінің жағдайы ауыр, — деді өрт сөндіру қызметінің өкілі Бернхард Пешке.

Жергілікті ақпарат құралдары Mini Cooper-дің ереуілге шыққан жұмысшылар тобын қаққанын және оқиға орнына жедел жәрдем көліктерінің жеткенін хабарлады.

Бавария премьер-министрі Маркус Зёдер Мюнхендегі көлік оқиғасы шабуыл болуы мүмкін екенін айтты.

Мюнхен полиция департаменті X әлеуметтік желісінде көлік жүргізушісінің ұсталғанын хабарлады. Ол 24 жастағы ауған азаматы екені анықталды. Ресми тұлғалардың айтуынша, күдікті бұған дейін ұрлық жасап, есірткі қылмысына қатысы болған.

Оның айтуынша, полиция көлігі кәсіподақ шеруінің артында келе жатқан.

— Полиция көлігінің артында келе жатқан көлік колоннаға жақындады. Содан кейін оза түсіп, жылдамдығын арттырып, наразылық білдірушілер колоннасының артқы жағына жетті. Полиция шабуылдаушыны ұстады. Автокөлікке бір оқ атылды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта кем дегенде 28 адам жарақат алған, олардың кейбірінің жағдайы ауыр, — деді полиция өкілі.

Хубердің айтуынша, зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр. Көлік жүргізушісі пана іздеуші мәртебесіне ие болған.

Bayerischer Rundfunk-тің айтуынша, зардап шеккендер ереуілге қатысушылар болуы мүмкін.

ВВС оқиғаның Мюнхен қауіпсіздік конференциясының өтуіне бір күн қалғанда болғанын атап өтті.

Осыған дейін Мюнхенде көлік бір топ жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар