«МЗЖҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізбек

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «МЗЖҚ» (ГНПФ) жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуді көздеп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл ҚР Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылмақ. Ондағы негізгі міндеттердің бірі - «бухгалтерлік есептеуді автоматтандыру және қаржылық есептілікті жасау деңгейін көтеру, қаржылық есептілік сенімділігі мен сапасын бақылау жүйесін нығайту. Біріктіріліп автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (БААЖ) алғашқы кезегін ендіру жобасы «МЗЖҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да 2007 жылдан бастап жүзеге асырылып жатыр. Жаңа жүйе операциялық тәуекелдерді азайтады және қосарлы ақпараттар енгізуді жояды.
Соңғы жаңалықтар
telegram