16:06, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
Н.Әбдібеков Елбасыға Қарағанды өңіріндегі ҮИИДМБ жүзеге асырылуы туралы баяндады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Бёмер Арматура» ЖШС-н аралап көрді.

Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды. Елбасы негізінен шарлы кран және тиекті арматура өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Қазақстан Президентіне өндірісте қолданылатын инновациялық технологиялар, сондай-ақ шығарылатын өнімдердің үлгілері көрсетілді.
Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков Мемлекет басшысына мемлекеттік үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысы мен «Сарыарқа» АЭА дамыту жоспары туралы баяндады.