Н.Әлиев: Алдымыздағы өршіл мақсат - Астананы дамыған 50 қаланың қатарына қосу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінің алдында тұрған амбициялық мақсат - елорданы әлемдегі ең дамыған 50 қатарына қосу. Бұл туралы бүгін «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумының «Астана инновациялық хаб ретінде» тақырыбындағы пленарлық сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі пленарлық сессия «Смарт Астана: идеядан оны жүзеге асыруға дейінгі жол» атты тақырыпта өтіп жатыр. Канада, Сингапур, Венгрия, АҚШ пен Қазақстанның 12 компаниясы өз елдерін мысалға ала отырып, инновациялық идеялар туралы айтып береді», - деген әкім орынбасары Астана бұл ретте «ақылды қала» жобасын таныстыратынын айтты. «Біз ақылды қала, яғни, «Смарт Астана» жобасының қазіргі дамуы мен болашағын талқылаймыз. Біздің алдымыздағы басты мақсат - Астананы әлемдегі ең дамыған 50 қаланың қатарына қосу. Бұл үшін 2014 жылы «Смарт Астана» атты жол картасын әзірлеген едік. Бүгінге дейін Барселона, Париж, Шанхай, Рига сияқты ақылды қалалардың тәжірибесін зертттедік. Осылайша, халықаралық тәжірибені ескере келе, Астанада замануи смарт технологиялар пайдаға асып жатыр . Смарт технологияларды енгізудің арқасында елорда тұрғындары үшін қалалық қызметтердің сапасы жақсарып, өндірістік шығын азаюда», - деді Н.Әлиев. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумы басталды. Форумның биылғы тақырыбы ретінде Қазақстан мен Астананың инвестициялық мүмкіндіктері талқыланады. Форумның мақсаты Астана қаласының әкімшілігі мен Қазақстандағы негізгі инвесторлар арасында диалог алаңын орнату. Форумға жалпы саны әлемнің 30 елінен 3000-нан аса делегат қатысамыз деп ниет білдірген. Форум тарихында алғаш рет «Қазақстан-Әмірлік бизнес форумы» ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, форум аясында «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана Expo-2017» және «Қаладағы қазіргі көлік» атты көрмелер өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар