11:28, 14 Тамыз 2010 | GMT +5
Н. Бекежановтың 120 жылдығына арналған «Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі» атты кеш өткізілді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Ақынның туған топрағы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Арман» мәдениет үйінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Н.Бекежанов атындағы мемориалды өнер мұражайы бірлесіп Н.Бекежановтың 120 жылдығына арналған «Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі» атты кеш өткізді.

Кешті «Нартай сазы» фольклорлы ансамблі жыр шашумен ашып, ауданның бетке ұстар мекемелерінің бірі №6 кен басқармасы мен «Демеу-Шиелі» филиалы қолдау жасады.
Іс-шараның жоғары дәрежеде өтуіне «Сыр ұланы» лагерінің тынығушылары мен аудандық мәдениет үйі жанынан «Нартай мектебінің» жетекшісі Құрманбек Бекпейісов пен шәкірттері зор үлестерін қосты.
Нартай Бекежановтың 120 жылдығына орай Алматы қаласының «Дастан» студиясы арқылы жаңа күйтабақ жарыққа шықты.
Күйтабаққа әнші мұрасын жинақтаушы, насихаттаушы, ҚР мәдениет қайраткері Қ.Бекпейісовтің орындауындағы Нартайдың 24 ән-жырлары енгізілген.