Н.Бордюжа: ҰҚШҰ мемлекеттері - лаңкестіктің басты нысаналарының бірі

«Бүгінде ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері халықаралық лаңкестіктің басты нысандарының бірі болып отыр», - деп баса айтты Бордюжа. Оның айтуынша, НАТО мемлекеттері әскери топтарының күшеюі, біздің шекараларымыз маңында бұрынғы жанжалдарды қайта қоздату қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірумен қатар, әлемде және ұжымдық қауіпсіздік аймағында лаңкестік және экстремистік топтар қызметі жандана түсуде»,
Бордюжа қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұру ұйымның басымдықты міндеттерінің біріне айналып отырғанын атап көрсетті. «Экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұру саласындағы бірлескен іс-қимылды үйлестіру үшін ҰҚШҰ мемлекеттері сарапшыларының жұмыс тобы қалыптастырылды және тұрақты негізде қауіпсіздік органдары, ішкі істер және Қауіпсіздік кеңестері аппараттарының қызметкерлерінің отырысы өткізілуде», - деп атап өтті ол.
«ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері қауіпсіздігін, соның ішінде лаңкестік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты құралдарының бірі ұйымның күш-қуаты әлеуеті болып табылады», деп қосты Бордюжа.