11:27, 02 Маусым 2014 | GMT +5
Н.Қаппаров «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысына кіру туралы ұсынысты қабыл алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бейресми кездесулер» жобасы аясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенділерімен кездесті.
Кездесу барысында ведомство басшысы министрлік жұмысының бағытын, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы, қалдықтарды қайта өңдеу мен су ресурстарын тиімді пайдалану туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады strategy2050.kz.
Сонымен қатар Нұрлан Қаппаров экологиялық тәрбиеге, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қатысты белсенділердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар министрге алғыстарын білдіріп, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысына кіруін ұсынды. Н.Қаппаров олардың бұл ұсынысын қабыл алды.