Н.Назарбаев 128 мың түлекті диплом алуымен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Назарбаев Университеті түлектерінің екінші салтанатты оқу бітіру рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жоғары оқу орындарын бітірген 128 мың түлекті диплом алуларымен құттықтады.

«Бұл күндері Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында түлектер оқу бітіріп жатыр. ЖОО-ларды 128 мың жас қазақстандық бітіріп, диплом алады. Мен барша түлекті оқуын аяқтауымен және еңбек жолын бастауымен құттықтаймын», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы бүгінгі буын бәсекеге толы қазіргі қиын жағдайда Қазақстанды алға жетелейтіндігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта әлемдік экономикада жаһандық әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Тек қана жанжалдар ғана емес, сонымен бірге өте үлкен турбулентті процесстер орын алуда. Осынау дағдарысқа толы жаңа экономикалық жағдайдан білімі мен ғылымы үздіктер ғана жеңіп шығады. Білім - қазіргі әлемдегі ең құнды капитал», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар
telegram