Н.Назарбаев 2011-ші жылы түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жөніндегі бірлескен шаралар өткізу туралы ұсыныс жасады

СТАМБҰЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Н.Назарбаев 2011-ші жылы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мен Әзірбайжан тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жөніндегі бірлескен шараларды өткізу туралы ұсыныс жасады. Бұндай ұсынысты ол түркітілдес мемлекеттердің 10-ыншы Саммитінде сөйлеген сөзінде айтты.
None
None

«Алдағы 2011-ші жыл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мен Әзірбайжан үшін ерекше саяси мәнге ие тарихи жыл болмақ. Өйткені, туыстас мемлекеттер өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлайтын болады. Бауырлас Түркия үшін де бұл ерекше, мерекелі күн болатынына сенімдімін», - деді Н.Назарбаев.

Ол тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлауға қатысты бірлескен шараларды жүзеге асыруға ұсыныс жасады. Оның айтуынша, бұл түркітілдес мемлекеттер арасындағы туысқандық байланыстардың нығая түсуіне себепкер болады. Сонымен қатар түркі халықтарының жетістіктерін тойлау аясында, оның мәдениеті мен өнері халықаралық аренада насихатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар