10:45, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Н.Назарбаев: Әрбір әйелге жоғары киелі борыш берілген, ол - жаңа ұрпаққа өмір сыйлап, балаларды тәрбиелеу
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Әрбір әйелге жоғары киелі борыш берілген, ол - жаңа ұрпаққа өмір сыйлап, балаларды тәрбиелеу. Бұл туралы бүгін Қазақстанның әйелдер қоғамымен өткен дәстүрлі кездесуінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Ақорданың Twitter-дегі баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 6 миллион бала дүниеге келді - бұл әйелдердің 6 миллион ерлігі, деп атап өтті Мемлекет басшысы.