Н. Назарбаев Астананың шетіндегі жолдардың сапасын сын тезіне алды

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы халықтың негізгі бөлігі тұратын қаланың бөліктеріне назар аударуды тапсырды. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен Астананы бұдан ары қарай дамытуға арналған жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Соңғы үш жылда жолдарды жөндеу мен құрылысына 100 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Алайда, жолдардың сапасы төмен. Егер де қазір «Астана» телеарнасын қоссаңыздар, онда елорда шетіндегі адамдардың ойдым-ойдым шұңқырлардан қозғалысы қиындап отыр. Орталықта жақсы, әсіресе, мен жүретін, басшылық жүретін жолдар жақсы»,-деп сынады Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы халықтың негізгі бөлігі тұратын қаланың бөліктеріне назар аудару керектігін қадап айтты.

«Әр жылы көктемнен кейін барлық жолдар неліктен шұңқырланып қалады? Себебі, бұл құрылыстың сапасына байланысты. Біреулер осыдан пайда тауып, асфальт төсемі мен жол құрылысы сапасыз болды»,-деп ескеріп өтті Н. Назарбаев.
«Мен бастапқыдан қалаға 4-5 жолақты жолдар салу керектігін айтып келдім. Бірақ,та екі жолақты жолдардың құрылысын жалғастырудамыз. Егер қазірдің өзінде осындай көлік кептелістері байқалып жатса, онда ЭКСПО кезінде не болады екен? Аталған көрмеде 3 айдың ішінде бізге 5 миллион немесе одан да көп адамдар келеді»,-деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент жол логистикасында проблемалар бар екенін, негізгі көліктік арналардың жүктемесі артып отырғандығын атап өтті. «Жаңа көпірлердің құрылысының жоспары бар және мен оларды қолдаймын. Осы жобаларды жүзеге асырайық»,-деп түйді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум