Н. Назарбаев: Беларусь - Қазақстанның стратегиялық әріптесі

МИНСК. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Беларусь - Қазақстанның стратегиялық әріптесі.
None
None

Бұл туралы бүгін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен болған келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Беларусь біз үшін стратегиялық әріптес, жақын дос әрі одақтас болып табылады. Онымен қоса, біз - Ресей, Беларусь және Қазақстан бірыңғай Кеден одағында болып табыламыз. Бұл бізді одан әрі жақындастыра түседі», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар ҚР Президенті беларусь халқын өткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. «Бұл беларустар үшін ерекше күн. Ең көп адам шығыны сіздердің елде болды. Беларустар сүйсінуге тұрарлық - қаһарман халық»,-  деп атап өтті Н. Назарбаев.

Өз кезегінде Беларусь Президенті А. Лукашенко, Қазақстан Беларусьпен сауда қарым-қатынасында ТМД мемлекеттері арасында үшінші орында екендігін атап өтті. «Беларусьпен саудада ТМД мемлекеттері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында Қазақстан тұр. Егер сіздердің елдеріңіз Украина сияқты жақын болғанда, сауда айналым бұдан да көп болатындығына сенімдімін», - деді ол.

Онымен қоса БР Президенті А. Лукашенко Қазақстан мен Беларусь елдері арасында шешілмеген саяси мәселелер жоқ екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар