13:41, 08 Қаңтар 2015 | GMT +5
Н. Назарбаев Берлинде А. Меркельмен Украинадағы жағдайды талқылайды
АСТАНА-БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Былтыр 27 желтоқсанда телефон арқылы сөйлесу барысында жасалған уағдаластыққа сәйкес, Қазақстан Президентінің 9 қаңтарда Берлинде Германия Федералдық канцлері А.Меркельмен
бейресми кездесуі жоспарланған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Осы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланады.
Сонымен қатар, неміс тарапының өтініші бойынша Мемлекет басшысының Германия федералдық сыртқы істер министрі Ф.-В.Штайнмайермен кездесуі көзделген.