Н.Назарбаев бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шет елдің Төтенше және Өкілетті Елшісінен сенім грамотасын қабылдады. Атап айтқанда, ҚР Президентіне сенім грамотасын БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі,

БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура, Израиль Елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Елшісі Икром Назаров, Әзербайжан Елшісі Рашад Маммадов, Таиланд елшісі Нат Пиньоваттаначип табыс етті.

«Сіздермен бүгін Ақордада жүздескеніме қуаныштымын. Бүгінгі сенім грамотасын тапсыру рәсімі әрқайсыңыздың дербес дипломатиялық тарихтарыңыздағы жаңа белеске айналатын болады. Бәріңіз де дипломатиялық миссияға алғаш рет басшылық еткелі отырсыздар. Қызметтеріңіздің жаңа кезеңі Қазақстаннан басталады. Сіздерді құттықтай отырып, Қазақстандағы жауапты және мәртебелі миссияларыңыз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға септігін тигізеді деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы Елшілердің дипломатиялық қызметтерінің жаңа кезеңі Қазақстан үшін маңызды дата - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында басталғалы отырғанын баса айтты.

«Бұл тарихи тұрғыда қысқа кезең біздің еліміз үшін ауқымды өзгерістердің дәуіріне айналды. Мемлекетті нығайту, заманауи нарықтық экономика құру, қоғамды жаңғырту жөнінде орасан зор жұмыс атқарылғанын білесіздер. Бүгінде біздің елдің басты сипаттары - саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім, халықаралық істердегі сенімділік пен жауаптылық, тиімді әлеуметтік-экономикалық өзгерістер», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram