15:36, 18 Қараша 2011 | GMT +5
Н.Назарбаев Біртұтас Ресей партиясына Мемлекеттік Дума сайлауында сәттілік тіледі
СКЕУ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біртұтас Ресей партиясына алдағы Мемлекеттік Дума сайлауында сәттілік тіледі.
Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кремльде ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен болған екіжақты кездесу барысында мәлім етті.
«Сіздің Мемлекет басшысы болған жылдарыңыздағы қызметіңізді ресей халқы дәл осылайша бағалайды деп үміттенемін», - деді Н.Назарбаев РФ Президентімен болған кездесуде.
«Мен осы уақыт ішінде Ресей мен Қазақстан бүкіл ТМД және ЕурАзЭҚ елдерінің мүддесі үшін қарышты алға басып, келісімді түрде жұмыс істегенін және Еуразиялық одақ сияқты бірегей ұйым құрғанын атап өткім келеді», - деді Елбасы Н.Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясы Федералды жиналысының VI шақырылған Мемлекеттік Думасының сайлауы 2011 жылғы 4 желтоқсанда өтеді.