Н. Назарбаев: Бүгінгі Қазақстан өз күшіне нық сенімді

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгінгі Қазақстан өз күшіне нық сенімді.
None
None

Астанада өтіп жатқан Еуразия медиа форумы барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Біздің оптимизм біздің Даму стратегиямызда толық көрініс тапты. Онда біз алдымызға бастық мақсатты - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды қойдық. Бұл мақсат біздің осы жылдар ішінде саясатта да, экономикада да, басқа да салаларда атқаруды ойлаған қам-қарекеттеріміздің бәрін қамтып отыр», - деп атап өтті Елбасы сөз арасында.

Бұдан бөлек, Н. Назарбаев діттеген мақсатқа жету жоспарының көңілге қонымды екенін айтып, оның жаһандық экономикалық және саяси трендтермен үндесетінін, елдің өзіндік міндеттері мен мүмкіндіктері әлемдік тәжірибе және жаһандық даму дәстүрлерімен қабысатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум