Н.Назарбаев БҰҰ бітімгершілік әрекеттер қорын құруды ұсынды

Ю-ЙОРК. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ бітімгершілік әрекеттер қорын құруды ұсынды.
None
None

Мұны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұымы Бас Ассамблеясының 66- сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

«Жаңа құқық тәртібінің өскін беруі шиеленістердің артуымен көрініс табады. Бір айта кетерлігі, қазіргі күні дүниежүзінде қарулануға кететін шығындар жылына 6 пайыздық көрсеткішпен артып келеді. Олар бір жарым триллион долларға жетті. Осы бағытта менің тарапымнан осыдан 19 жыл бұрын ұсынылған БҰҰ бітімгершілік әрекеттер қорын құру туралы ұсынысым әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпай отырғанын атап өту қажет», - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, мұндағы әңгіме БҰҰ-ның әрбір мүше-мемлекеті әскери бюджеттен 1 пайыз бөлу туралы болып отыр.

«Әлемдік қауымдастықты осы идеяға қайта оралып, қажетті шешімдер қабылдауға шақырамын», - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар