Н.Назарбаев БҰҰ-ның Иран мен Сирияға қолданылуы мүмкін санкцияларына түсінік берді
«Өкінішке орай, біз БҰҰ Ливия бойынша сөз жүзінде аспанды бақылап отыру шешімін қабылдағанын көрдік, ал іс жүзінде бұл Каддафиге жасалған шабуыл болды және оның өліміне әкеліп соқты. Мен Каддафидің жақтасы емеспін, оны ақтамаймын, алайда бұның барлығы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесенің шешімі бұрмаланғандай көрініс тапты. Мандатты асыра пайдаланып, мемлекеттің ішкі мәселелеріне қол сұғу болды. Бұл тәжірибе басқа тәуелсіз мемлекетке, мысалы Сирияға қатысты мұндай шараларды қолдануға болмайтындығын көрсетеді. Әлемдік қауымдастық ол жақта қарапайым халық қаза тауып жатқанын сынға алуда және біз бұл мәселені шешу бойынша жұмыс атқаруымыз керек. Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымының төрағасы болып табылады. Сондықтан біз де осы оқиғалардан сырт қала алмаймыз. Біздің төрағалығымызбен экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының отырысын өткізіп, мәселені талқыға саламыз», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Иранға қатысты түсінігінде атап өткендей, бұл мәселені шешуде ешқандай күш қолдану тәсілдері қолданылмау керек, себебі бұл бүкіл әлемге насырға шабатын үлкен және ауыр салдарын тигізуі мүмкін.
«Біз Иранның ядролық бағдарламасы туралы айтатын болсақ, неліктен Пәкістанның осындай бағдарламасын, іс жүзінде ядролық қаруға ие болып отырған Израиль туралы неге айтпаймыз? Бұл жерде үйлесімсіз қадам жасауға болмайды», - деп атап өтті ҚР Президенті.
«Сондықтан келіссөздерді жалғастырып, Ираннан барлық нысанға МАГАТЭ инспекторларын жіберуін талап етуіміз және әлемге бейбіт жолдағы ядролық жұмыс жүргізіп отырғанын дәлелдесін деген талап қою керек», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.