Н.Назарбаев дүниежүзіндегі дін басшыларының басын біріктіріп отырған әлемдегі жалғыз ғана Президент - Йона Мецгер

Ең бастысы, бұл халық бір-бірімен жақсы қарым қатынаста өмір сүруде». Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезінде сөйлеген Израильдің Ашкеназий раввині Йона Мецгер осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сіз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға үлес қостыңыз. Меніңше, сіз әлемдік діндер басшыларының басын қосып, олардың өзара пікірлісуіне мүмкіндік тудырып отырған жалғыз ғана Президентсіз. Бір үстел басында отырып бір-біріміздің пікірлерімізді тыңдап, қарым-қатынастарымызды жақындататын сөздер естіп жүрміз. Мен сонымен қатар, Астана қаласының келбет-кескініне қызыға қараймын. Меніңше, Сіз өзінің билік басында отырған тұсында бүтіндей бір мемлекеттің астанасын салып үлгерген жалғыз ғана басшысыз. Мен қазақ елордасына келген сайын оның көркейе түскенін көремін. Бұл - көптеген конфессиялардың тату-тәтті өмір сүріп жатқан кеңпейіл қаласы. Мен Астанадағы бірінші Синагоганың ашылу рәсімінде болдым. Ал ертең Астанадағы 5-ші Синагоганың ашылуына қатысамын. Мен үшін бұл бейбітшілік пен келісімнің ең жарқын үлгісі», - деді Йона Мецгер.