Н.Назарбаев: Экономикалық санкциялар көп елдерге кедергі келтіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық санкциялар Ресейге ғана емес, басқа да елдерге кедергі келтіруде. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
None
None

«Мұндай санкцияларға бой үйрету мүмкін емес, себебі, олар өте сирек орын алады. Бұл саясат пен экономиканың араласып кетуінің нәтижесі. Санкциялар бар елге кедергі келтіруде. Бұдан Ресей ғана зардап шегіп отыр деген ой болмауы керек, барлық елдер зардабын көруде, мұны біз жақсы білеміз», - деді Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті санкциядан ұтқан елдің жоқ екенін айтты. «Еуропада өзара санкциялар бәріне ұнай бермейді. Біріншіден, барлық еуропалық іскер адамдар Ресейде қаржысын салатын, капиталдарын молайтатын үлкен нарықты жоғалтты. Екіншіден, ресейлік тараптың да шығындары мол болды», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар