15:05, 08 Ақпан 2011 | GMT +5
Н.Назарбаев ЕҚЫҰ «Үштігінің» мүшесі ретінде Қазақстанның 2011 жылға арналған негізгі міндеттерін анықтап берді
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесу барысында Қ.Әбдірахманов Елбасын Қазақстанның 2010 жылдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі тұрақты өкілдіктің атқарған қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.
-Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ «Үштігінің» мүшесі ретінде Қазақстанның 2011 жылға арналған негізгі міндеттерін анықтап берді. Сонымен қатар мен Нұрсұлтан Әбішұлына ЕҚЫҰ мүшелері Қазақстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешімді жоғары бағалағанын жеткіздім, - деді журналистерге арналған брифингте Қ.Әбдірахманов.