Н.Назарбаев: Еуроодақ - Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық
None
None

салалардағы Қазақстан мен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі екенін және сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыты болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуроодақтың үлесіне тиетініне назар аударды.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев осы айда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Еуропалық одақпен арадағы кеңейтілген және стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялағанын айтып, бұл оқиға тараптардың ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді.
Д.Туск Қазақстан мен Еуроодақтың тығыз серіктестігі әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістеріне қарамастан нығая береді деп үміттенетінін айтты.
Сонымен қатар, тараптар кездесу барысында күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Украинадағы және Ауғанстандағы ахуал, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Еске сала кетсек, 29 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне келген болатын.
null

Соңғы жаңалықтар