21:47, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Н.Назарбаев Г.Бердымұхамедовпен алдағы Түркіменстанға сапарын талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Түркияға сапары барысында Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті. Екі елдің басшылары сауда-экономика, көлік-транзит және отын-энергетика салаларындағы екіжақты ықпалдастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркіменстанға алдағы сапарының негізгі аспектілері, Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол желісін ашу жайында әңгіме өрбіді.