Н. Назарбаев Гаагада «Қазақстанның достары» саяси клубының мүшелерімен кездесті
«Нидерландыдағы Қазақстанның достары» атты қазақстандық-нидерландылық саяси клубтың мүшелері: НАТО-ның бұрынғы Бас хатшысы Яп де Хооп Схеффер (Jaap de Hoop Scheffer), Нидерланды Корольдігі Парламент Сенатының мүшесі Рене ван дер Линден (Rene van der Linden), Нидерланды кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің конфедерациясының президенті (VNO-NCW) Бернард Винчес (Bernard Wientjes), НК Парламентінің бұрынғы депутаты Коскун Чоруз (Coskun Coruz), «Роял Датч Шелл» концернінің Бас атқарушы директоры Бен ван Бёрден (Ben van Beureden), «Филипс» компаниясы Басқарма Кеңесі және Атқарушы комитетінің төрағасы, Бас директоры Франс ван Хаутен (Frans van Hauten), НК-дағы Қазақстанның құрметті консулы Маринус (Рини) Корнелис Вахтманс (Rini Wagtmans). «Нидерландыдағы Қазақстанның достары» саяси клубын анонстауға нидерландылық тараптан Нидерландының экономика министрі Хенк Камп (Henk Kamp), НК ауыл шаруашылығы министрі Шэрон Дайксма (Sharon Dijksma), ҚР-дағы НК Елшісі Ханс Дриссер (Hans Driesser) қатысты.