11:13, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Н.Назарбаев Индустрияландыру күнi аясында жалпыұлттық телекөпiрге қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 желтоқсан күнi ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» және «Парыз» мемлекеттiк сыйлықтарын табыс етеді.
Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз қызметшiсi Әсет Мұқажанов мәлiм еттi. «22 желтоқсан күнi Елбасы индустриалдандыру күнi аясында «Алтын сапа» және «Парыз» мемлекеттiк сыйлықтары мен Президенттiң арнайы сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсiмiне және Жалпыұлттық телекөпiрiне қатысады», - деді Ә.Мұқажанов.