16:34, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Н.Назарбаев Испанияның экс-премьері Х.М.Аснармен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Испания Корольдігінің экс-Премьер-министрі Хосе Мария Аснарды қабылдады.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері мен екі елдің бизнес-қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимыл аясын кеңейтудің келешегі талқыланды.