Н.Назарбаев «Камеко» президентімен Қазақстанда уран өндіру саласының дамуын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысуға келген «Камеко» компаниясының бас басқарушы
None
None

директоры және президенті Тим Гетцельді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Әңгіме барысында тараптар Қазақстандағы уран өндіру саласының даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Т.Гетцельдің Кеңес жұмысына қатысатынына ризашылығын білдірді. - «Камеко» компаниясының Қазақстандағы қызметінің тарихы қалыптасып келеді. Компания 1996 жылдан бастап Инкай кенішінде жұмыс істей бастады. Осы уақыт аралығында ол табысты жобалардың біріне айналды. Сондықтан, біз Сізбен бейбіт мақсаттағы атомды игеру саласындағы ынтымақтастықты жалғастырғымыз келеді. Осыған байланысты келісімге қол қою біздің елге және сіздің корпорацияға пайдалы болады деп үміттенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Т.Гетцель өз кезегінде «Камеко» және «Казатомөнеркәсіп» компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар