Н.Назарбаев: Қазақ жерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу - біздің парызымыз

«Сіздер жастар тәуелсіздіктің құрдасы болып табыласыздар. Сіздер басқа заманда өмірге келдіңіздер», - деп тоқталған Мемлекет басшысы: «Мына ұлы далада бабаларымыздың қаны мен тері төгілген. Сол кең даланы әрі қарай аман-есен алып барып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу - біздің парызымыз», - деді.
Президент 20 жылдың ішінде Қазақстан жоғары мақсаттарға қол жеткізгенін, экономика түзеліп, жағдай жақсарғанын атап өтті.
«Ешбір қазақ шетелде жалшылықта жүрген жоқ», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы мемлекетіміздің қауіпсіздігі нығайып, Қазақстанды бүкіл дүниежүзі танығанын, еліміз үлкен құрметке бөленгенін тілге тиек етті.
«Болашақта осы жұмыстарды әрі қарай атқаратын сіздер боласыздар. Сондықтан жасалып жатқан барлық шаруалар сіздер үшін! Осы орайда біздің мойнымыздағы міндет болашақта жастарға жүктеледі», - деп түйді Н. Назарбаев.