Н. Назарбаев: Қазақстан индустриялық мемлекет болуын армандаймын

Және Сіздің қандай арманыңыз бар?», - деп сауал қойды Ресейдің "Бірінші арнасындаағы" "Воскресное время" бағдарламаның жүргізушісі сұхбат барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев: «біріншіден, кезінде әлем картасында Қазақстан атты мемлекет болмады. Қазір бұндай мемлекет бар. Жаңа мемлекет құрылып, шекара бекемделді. Экономика нарықтық тұғырға тұрғызылды. Сондай-ақ ең басты жетістік - 21 жылдың ішінде мүлдем жаңа ұрпақ өсті. Атап айтқанда, білімді әрі сауатты адамдар тәрбиеленді»,-деп жауап қайтарды. Бұл тұрғыда Елбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша әлемнің үздік жоғары оқу орындарында 8 мың азамат оқытылғанын атап өтті.
«Қазақстан индустриялы мемлекет болуын армандаймын. Атап айтқанда, мұнай мен газдан және басқа да кен орындарынан тәуелсіз болуын қалаймын. Мен осының барлығын іске асырып, оның қалай жұмыс істейтінін көргім келеді», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.