12:27, 22 Қазан 2013 | GMT +5
Н. Назарбаев: Қазақстан мен Беларусь өзара тиімді ынтымақтастық аясын жүйелі ұлғайтуда
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Беларусь өзара тиімді ынтымақтастық аясын жүйелі ұлғайтуда.

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасын жандандыруға осы айдың басындағы Александр Лукашенконың елімізге жасаған сапары өте үлкен ықпалын тигізетіндігін атап өтті.
«Біз Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістігі аясында өзара қарым-қатынастарды өркендетіп жатқан елдерміз»,-деген ҚР Президенті Ресей, Беларусь, Қазақстан бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақты, тең құқылы әрі өзара тиімді экономикалық интеграцияны құрып жатқандықтарын баса айтты.