Н. Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумына қатысу үшін Екатеринбургке келді

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумына қатысу үшін Екатеринбургке келді.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Форум аясында Мемлекет басшысының Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөзі жоспарланған.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумының басты тақырыбы «өнеркәсіп кооперациясы» болып табылатын пленарлық отырысына қатысады.

Іс-шара қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою көзделінген.

Соңғы жаңалықтар