Н.Назарбаев Қазақстанның туын көтеріп, оны дүниежүзілік қауымдастыққа танытып, мойындатты - Қ.Сұлтанов

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз қазақ мемлекетінің іргетасын қалап, негізін салды.
None
None

Туын көтеріп, оны дүниежүзілік қауымдастыққа танытып, мойындатты»,- деді бүгін Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» Халықтық -демократиялық партиясының XIII съезінде сөйлеген сөзінде.

«Тәуелсіздік пен мемлекет тек жариялануымен ғана өздігінен құрылмайтынына, оны баянды ететін халық және асқан қайраткерлік қабілеті бар жетекші тұлға, елдегі саяси күш екеніне көзіміз жетті. Тарихтың шетінде қалып қоймай, өркениетті өсер елдің тіршілігін жасау үшін халқымыз тізгінді арманда кеткен талай ұрпақ бабалардың мұрагері, ұлт перзенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұстатты. Жорығын қолдап, соңынан ерді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттігіміздің алғашқы сәтінен бастап халқына берген Антын қалтқысыз орындап, ел тыныштығы мен келісімін сақтап, мемлекетіміздің әлемдік кеңістікте лайықты орын алуы үшін біліктілігі мен білімділігімен аянбай тер төгумен келеді»,-деді депутат.

Оның пайымдауынша, «Нұр Отан» партиясының ұйымдасып, қоғамның ықпалды күшіне айналуы да тікелей партия жетекшісінің саяси қызметінің нәтижесі. «Еліміз кешенді реформалардан, түбегейлі өзгерістерден өтті. Адамның, қоғамның санасы өзгерді. Өмірге жаңа ұрпақ келді. Тәуелсіздікті құрметтеу, қастерлеу, қорғау әрбір азаматтың борышы, парызы екенін қоғам түсінді. Тәуелсіздік, оның қауіпсіздігі, санамызда ұлттық идея болып қалыптасты»,-деді Қ.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар