Н.Назарбаев: Қазақтың ұлттық тарихы - теңдессіз тарих

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың ұлттық тарихы - теңдессіз тарих. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның тарихы Еуразия құрлығындағы ұлы өркениеттің жылнамасына өшпес таңбасын қалдырды. «Тарихи тамырларымыздың бірлігі бізді түркі тілдес халықтармен ешқашан іргесі бөлінбейтін бауырлас етті. Ұлы Түркі елі - қазіргі заманауи мемлекеттер Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Түркия елдерінің ортақ тамыры. Біздің мыңжылдыққа ұласатын шежіреміз бар, мақтаныш тұтатын бабаларымыздың тарихи ерліктері бар. Бөле-жара қарау мүмкін емес, рухани қазынамыз бар. Осының барлығы баршамызға ортақ мұра», - деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы жүздеген жылдарды алып жатқан тағы бір тарихи жолды атап өтті, бұл - Ресеймен арадағы стратегиялық қарым-қатынасымыз. «Халықта «Адам өзінің жауын да, досын да өзі таңдайды, ал көршіні Құдай береді» деген сөз бар. Шындығында, біз Ресеймен Құдай бұйыртқан көршіміз. Бұл солай, солай болып та қала береді. Сондықтан да біздің ортақ тарихымыз Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияға берік негіз қалауда», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар