Н.Назарбаев: Машина құрастыру саласы - индустрияландырудың басты шебі (ФОТО)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласына жасаған сапары аясында «АзияАвто Қазақстан» автокөлік құрастыру зауытының құрылыс алаңын аралап көрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев машина жасау саласы индустрияландырудың басты шебі деп атап өтті.
None
None

«Әрине, әлем бойынша не көп, машина көп шығарылып жатыр. Бәсеке мықты. Бірақ, біз сапа бойынша да, баға бойынша да бәсекеге шыдауымыз керек, осылайша, көршілеріміздің барлығына көлігімізді сату қажет. Қазір алғашқы кезеңде алпыс мың автокөлік, келесі кезеңде тағы алпыс мың автокөлік шығарамыз. Қиын жағдайға қарамастан, мемлекет сіздерге көмектеседі»,- деді Президент «Азия  Авто Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкиннің есебін тыңдаған соң,

А.Балушкиннің айтуынша, альянстың шешіміне сай, Моңғолия, Қырғызстан, Түркіменстан елдерінің нарығы толықтай Қазақстанның жауапкершілігіне берілген. Қазан айында Грузия және Әзірбайжан елдерімен келісімшарт жасау жоспарланып отыр. Эксперимент ретінде, Біріккен Араб Әмірліктерінің де нарығына автокөлік сатуға  қосымша мүмкіндік  берілмек екен.

«Осылайша, халықаралық компанияға айналасыңдар. Жарайсыңдар! Машина құрастыру саласы  ел экономикасындағы жаңа сала және ол еліміздің шығысынан бастау алмақ», - деді Мемлекет басшысы.

null  

null null null null 

Соңғы жаңалықтар