Н.Назарбаев мектеп түлектеріне де естелік сыйлық тапсырады - И.Айманова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мектеп түлектеріне де естелік кітап тапсырады. Жаңа жоба бойынша қазір жұмыс басталып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Менің Отаным - Қазақстан» кітабының авторларының бірі, Алматыдағы №15 мектеп гимназиясының оқытушысы Ирина Айманова айтты.
None
None

Айта кету керек, «Менің Отаным - Қазақстан» атты жаңа басылым мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерге табыс етілді.

Ирина Айманованың айтуынша, енді оның дәстүрлі жалғасы ретінде мектеп түлектеріне естелік кітап табыс етілмек.

«Менің Отаным - Қазақстан» жаңа бастамасы жалғасын табады. Жыл сайын жаңа өзгерістер енгізіліп тұруы мүмкін. Сондай-ақ, биыл маған жаңа ұсыныс түсті. ҚР мемлекет басшысы «Қазақстанның әр азаматына сыйлық» атты кітапты әр мектеп бітірген түлекке тапсырады. Қазір онымен жұмыс жасап жатырмыз. Концепциясы бар. Менің ойымша, бұл тамаша идея», - деді Ирина Айманова.

Айта кету керек, бірінші сынып оқушыларына берілген кітапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, «Мәңгілік ел» ұлттық бағдарламасы жөнінде айтылады. Мектеп есігін ашқалы отырған балдырғандарға Қазақстаннның картасы, елордамыз - Астана, Алматы қаласы және әр аймақ туралы жеке беттер ұсынылып отыр.

Сондай-ақ шығармадан бірінші сынып оқушылары Қазақстанның табиғаты мен климаты, біздің республикамыздың әсем өңірлері жайлы жан-жақты білетін болады.

Қазақстанның мақтанышы - Байқоңыр кешеніне арнайы бет берілген.

Бөлек бөлім Қазақ хандығының 550 жылдығына және қазақ халқының ағартушыларына арналып отыр.

Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, 1 қыркүйекте 336 мың бірінші сынып оқушылары мектеп партасына отырады.

Соңғы жаңалықтар