Н.Назарбаев өзінің Беларусьқа сапары екіжақты экономикалық ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп есептейді

Бұл туралы Қазақстан басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен болған кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.
Қазақстан Президенті Беларусь мемлекетінің басшысымен болған бірлескен кездесулердің жақсы қарқынын атап өтті. «Біз жыл сайын кездесеміз, біздің өзара әрекет етудің үлкен бағдарламамыз бар. Беларусь Қазақстан үшін стратегиялық әріптес, жақын дос және одақтас болып табылады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Беларусь Бірыңғай экономикалық кеңістік «үштігінің» мүшелері болып табылатындықтан, екі елдің ықпалдастығы аса маңызды. «Бұл бізді одан әрі жақындастыра түседі», - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Беларусьқа жасаған осы жолғы сапары Беларусь пен Қазақстанның әсіресе, сауда-экономика саласындағы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп есептейді, ал сауда айналым 1 млрд. АҚШ долларынан асуы тиіс. Оның атап көрсеткеніндей, Қазақстан аумағында ондаған бірлескен кәсіпорындар құрылып та үлгерді, соның ішінде өнеркәсіптік кооперация саласында. БЭК-тің құрылуымен ықпалдастықты дамыту үшін одан да зор көкжиектер ашылуда. «Посткеңестік кеңістікте Беларусь, Ресей және Қазақстаннан жақын одақтастар жоқ. Осымен бәрі айтылады», - деп атап өтті қазақстандық көшбасшы.
Ол сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық жоспарда Қазақстан мен Беларусь бірыңғай ұстанымды ұстанатындығын атап өтті.
Президенттердің бүгін Беловеж тоғайында өткен бейресми кездесуін еске алған Н.Назарбаев, екіжақты қарым-қатынастар бойынша Александр Лукашенкомен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болып қана қоймай, сондай-ақ «ғаламшардың бірегей жерін тамашалай алды». Ол сондай-ақ беларус ауылдары мен далалы алқаптарының тазалығы мен жақсы бапталғандығын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы өткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, беларус халқының неміс-фашистік басқыншыларға қарсы күрестегі батырлығын ерекше атап көрсетті.