Н.Назарбаев пен Д.Медведев VII аймақаралық Ынтымақтастық форумының барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және алдағы уақытта Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің мәселелерін талқылады

СТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.
None
None

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, әңгімелесу барысында Өскеменде өткен Қазақстан мен Ресейдің VII аймақаралық Ынтымақтастық форумының барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру туралы, атап айтқанда екі елдің жоғары технология, ғылым мен білім, транзит-көлік әлеуеті салаларындағы өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері жөнінде сөз болды.

Мемлекет басшылары сондай-ақ алдағы уақытта Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар