Н.Назарбаев пен Р.Ердоған ҚР мен ТР арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі бірінші отырысының қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды

 АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапары аясында елдің Премьер-Министрі Реджеп Тайып Ердоғанмен  ТР арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі бірінші отырысының қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
None
None

«Біз 20 жылдың ішінде көп кездесулер өткіздік. Бірақ бүгінгі кездесудің ерекше болатын себебі, біз тұңғыш рет стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құрып, сол кеңестің ең алғашқы отырысын өткіздік. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезде 1 сағаттан кейін телефон шалып, ең бірінші болып Қазақстанның тәуелсіздігін қолдаған  түрік мемлекеті болатын. Ол қазақ халқының есінен еш уақытта өшпейді», деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.

Сонымен қатар аталған жиынның қорытындысына сәйкес,   Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Президенті Абдолла Гүлдің қамқорлығындағы «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасының 2012-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Қазақстан тарабынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев пен түрік тарабынан Экономика министрі З.Чағлаян, ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ТР Мемлекеттік қызметі директораты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды екі елдің аталған ведомстволарының басшылары Ә.Бәйменов пен М.Кумбузоғлы рәсімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар