Н.Назарбаев пен Р.Ердоған Таяу Шығыс ахуалын, Ауғанстан мен Сирия мәселесін кеңінен талқылады

  АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркия  арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі бірінші отырысының қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қою рәсімінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін түрік елінің Үкімет басшысы Реджеп Ердоғанмен Таяу Шығыс ахуалын, Ауғанстан мен Сирия мәселесін кеңінен талқылағандықтарын мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі кездесуімізде екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығын атап өтіп отырмыз», деген Мемлекет басшысы жүздесу барысында екі елдің энергетика, көлік, ғылым, білім, мәдени салаларындағы қарым-қатынастары талқыланып, Таяу Шығыстағы ахуал, Ауғанстан, Сирия мәселелерінің барлық қыры бойынша кеңінен пікір алмастырылғандығын баса айтты.

«Түркия бүгінде Қазақстанның ең жақын стратегиялық әріптесі болып табылады. Тәуелсіздікпен бірге біз жоғалған қарым-қатынасымызды қайтадан таптық. Түркі әлеміне қайтып келдік. Бір-бірімізді танитын болдық. Кеңісіміз кеңейді, достарымыз көбейді, күшіміз тасыды», деді Елбасы.

 

Соңғы жаңалықтар